Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясы ректорының
2018 жылғы 6 қарашадағы
№ 80 бұйрығына 2 қосымша

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының
Кәсіби деңгейді арттыру институты туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кәсіби деңгейді арттыру институты (бұдан әрі – Институт) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Институт өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Прокуратура туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Институт қызметіне қатысты өзге құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор), оның орынбасарларының ұйымдық-өкімдік актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Институттың құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ректор анықтайды.

4. Институт мыналардан құралады:

1) кәсіби деңгейді арттыруды ұйымдастыру басқармасы, соның ішінде Академияның аймақтардағы өкілдіктері;

2) жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласында халықаралық білім беру кафедрасы;

3) прокурорлық қызмет және тілдерді дамыту кафедрасы;

4) жедел-тергеу қызметі кафедрасы.

2. Институттың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

5. Міндеті:
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына алғаш қызметке түскен адамдардың кәсіптік даярлығын қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен іс-қимыл жасау кезінде жас мамандар мен қызметке түсуге кандидаттарды кәсіптік даярлаудағы қажеттіліктерді зерделеу және анықтау;

2) жоспар-кестелерді, қызметкерлердің тағылымдамадан өту, оқу жоспарлары мен кәсіптік даярлық курстарының бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Академия ректорының құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте құру;

3) оқытушылар құрамын іріктеу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Академия ректорының құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте тыңдаушылардың тұруы үшін (оқыту кезеңінде) жағдай жасау;

5) оқыту процесін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Академия ректорының құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте ұйымдастыру және жүргізу;

6) оқу-әдістемелік жұмысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Академия ректорының құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте ұйымдастыру және жүргізу;

7) тыңдаушылардың білімін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Академия ректорының құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте жүзеге асыру;

8) құқық қорғау қызметіне алғаш түсетін адамдарды кәсіптік даярлау курстарының тиімділігіне талдау жасау;

9) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке алғаш түсетін, түскен адамдарды кәсіптік даярлауда шетелдік, ұлттық оң тәжірибелерді, инновациялық тәсілдер мен әдістерді іздеу, зерделеу және Институттың практикалық қызметіне енгізу;

10) Басқарманың, Институттың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;

11) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және өзекті ету;

12) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, осы міндетке қатысты Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерімен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

6. Міндеті:
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және кәсіби қайта даярлауды қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен іс-қимыл жасау кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлаудағы мөлшерлік сапалық қажеттіліктерді зерделеу және анықтау;

2) жоспар-кестелерді, оқу жоспарлары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау курстарының бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Академия ректорының құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте құру;

3) оқытушылар құрамын іріктеу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Академия ректорының құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте тыңдаушылардың оқу кезеңінде тұруы үшін жағдай жасау;

5) оқыту процесін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Академия ректорының құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте ұйымдастыру және жүргізу;

6) оқу-әдістемелік жұмысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Академия ректорының құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте ұйымдастыру және жүргізу;

7) тыңдаушылардың білімін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Академия ректорының құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте жүзеге асыру;

8) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлаудың оқу курстарының тиімділігіне талдау жасау;

9) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлауда шетелдік, ұлттық оң тәжірибелерді, инновациялық тәсілдер мен әдістерді іздеу, зерделеу және Институттың практикалық қызметіне енгізу;

10) Академияның жасаған келісімдерінің, меморандумдарының аясында оқу ұйымдарымен ынтымақтастық орнату және өзара іс-қимыл жасасу;

11) Басқарманың, Институттың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;

12) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және өзекті ету;

13) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, осы міндетке қатысты Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерімен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

7. Міндеті:
Академия өкілдіктері арқылы аймақтардағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) тиісті аймақтағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру, мыналарды қоса алғанда:

2) оқыту, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу (сабақ кестесін жасау, прокуратура органдарына, ҚР ҚМ МКК ЭТҚ, ҚР МҚІА СЖҚ ҰБ-ға қызметкерлер тізімін жіберу туралы сұрауларды әзірлеу және жолдау, таратпа материалдарын әзірлеу, оқу процесін қадағалау және мониторингілеу, кіріс және шығыс бақылауларды жүргізу үшін тест тапсырмаларын құру, курс алдында және курс өткеннен кейін тыңдаушыларға сауалнама жүргізу);

3) Академияға құқық қорғау органдары қызметкерлерін қайта даярлау мен біліктіліктерін арттырудың көшпелі курстарын өткізуге жәрдемдесу;

4) тиісті аймақтың құқық қорғау органдарына оқыту іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу (Академия басшылығымен келісе отырып);

5) қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының кадрлық және құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасасу;

6) Академия түлектерінің (магистранттар, докторанттар) кәсіби өсу деңгейлеріне мониторинг жүргізу (дағдылар мен біліктерін тәжірибеде қолдану, тұлғалық және мансаптық өсуін бақылау және т.б);

7) ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін құқық қорғау қызметінің эмпирикалық материалдарын (тәжірибелік деректер, талдау материалдары, ақпараттық хаттар) тұрақты түрде жинау және зерделеу, салалық құрылымдық бөлімшенің сұрауы бойынша Академияға жолдау;

8) Академияның ғылыми-зерттеу қызметі аясында тиісті аймақта өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар мен басқа да шараларды ұйымдастыруға қатысу;

9) құқық қорғау қызметі саласында жүргізіліп жатқан негізгі және қолданбалы зерттеулер бойынша аймақтың ЖОО-ларымен ынтымақтастықты жолға қою және нығайту;

10) отандық және шетелдік тәжірибені зерттеудің негізінде ғылыми білім жұмысын жетілдіру, оқытудың тиімді түрлері мен әдістерін енгізу бойынша ұсыныстар беру;

11) прокуратура органдары қызметінің оң тәжірибесін анықтау және тарату жұмыстарын ұйымдастыру;
12) Академия міндеттерін іске асыру үшін құқық қорғау қызметінің ақпараттық-талдау материалдарын тұрақты түрде жинауды және зерделеуді жүзеге асыру;

13) құқық қорғау органдарына әдістемелік әдебиетті (әдістемелік құралдар, ұсыныстар және т.б.) әзірлеуге ықпал ету;

14) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша Академияға оқуға түсу мәселелері бойынша кәсіптік бағдарлау және түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

15) аймақта кәсіби деңгейді арттыруда бастамашылық еткен және белсенді қатысқан қызметкерлерді көтермелеуге ұсыну;

16) Академияға есептік кезеңнен кейінгі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей, талдау ақпараттарын жолдай отырып, жарты жыл сайын атқарылған жұмысты жинақтап қорыту;

17) құқық қорғау органдарының барынша тәжірибелі қызметкерлерін, ардагерлерін, сот жүйесі, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлерін, жоғары оқу орындарының оқытушыларын (келісім бойынша) ынтымақтастыққа тарту;

18) ректордың, жетекшілік ететін проректордың, Академияның бейінді құрылымдық бөлімшесі басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми білім беру қызметінің міндеттерінен туындайтын өзге жұмыстарды орындау.

8. Міндеті:
Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласында халықаралық білім беру кафедрасының халықаралық ғылыми білім беру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

Функциялары:

1) құқық қорғау органдары қызметкерлерін оқытудың ұлттық және шетелдік оң тәжірибелерін, инновациялық түрлері мен әдістерін іздеу, зерделеу және Академияның практикалық қызметіне енгізу;

2) оқу және арнаулы білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

3) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру курстарының жоспар кестелерін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын құруға ұсыныстар беру;

4) оқыту іс-шараларын (семинар, конференция, дөңгелек үстелдер, тренингтер және т.с.с) өткізу мәселелері бойынша серіктестермен өзара іс-қимыл жасасу;

5) жаһандық қауіптерге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық оқыту мәселелері бойынша конференция, семинар, жұмыс топтары мен басқа да іс-шараларға қатысу;

6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы біліктілігін арттырудағы қажеттіліктерді зерделеу және анықтау;

7) жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласының бағыты бойынша дәріс берушілердің пулын құру;
8) Кафедра қызметінің бағыттары бойынша оқыту курстарының тиімділігіне талдау жүргізу;

9) Академияның, Институттың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;

10) Кафедра қызметінің бағыттары бойынша құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және өзекті ету;

11) Кафедра жұмысының шегінде көзделген негізгі міндеттерге қайшы келмейтін, заңнамамен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

9. Міндеті:
Мемлекеттік тілді және өзге тілдерді қолдану және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Функциялары:

1) тілдерді оқытудың шетелдік озық тәжірибесін, тәсілдері мен әдістерін зерделеу;

2) Академияда мемлекеттік тілдің қолдану саласын кеңейту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3) Академия қызметкерлері мен жұмыскерлеріне мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыру.

4) шет тілдерін оқыту және дамыту;

5) қазақ әліпбиін латын графикасына өткізу бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру.

10. Институттың құқықтары мен міндеттемелері:

1) Институт Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бас Прокурор мен Академия ректорының ұйымдық-өкімдік актілеріне сәйкес:

Бас прокуратура басшылығының, Академия ректорының, Академияның құрылымдық бөлімшелері басшылығының қатысуымен өтетін, сондай-ақ Академияның қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда өткізілетін кеңестерге қатысуға;

Академияның құрылымдық бөлімшелерінен Институтқа жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажет ақпараттар мен материалдарды белгіленген тәртіпте сұрауға және алуға;

мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен мекемелерден Академияның қызметіне қатысты ақпараттар мен материалдарды заңнамамен белгіленген тәртіпте сұрауға және алуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасын, Академияның және прокуратураның басқа органдары мен мекемелерінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар беруге;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді кәсіби қайта даярлауға, біліктіліктерін арттыруға және тағылымдамадан өткізуге;

ғылыми-практикалық конференцияларға, халықаралық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысуға;

белгіленген тәртіпте ғылыми мақалаларды жариялауға;

белгіленген тәртіпте Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтымен ғылыми зерттеу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

заңнамамен көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

2) Институт қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бас Прокурор мен Академия ректорының ұйымдық-өкімдік актілеріне сәйкес:

қызметін берілген өкілеттіктің шегінде жүзеге асыруға;

Институтқа жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау кезінде заңнаманың, Бас Пррокурор мен Академия ректоры актілерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға;

Бас Прокурордың, Академия ректорының Академия мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін құқықтық актілерімен, Институттың міндеттері мен функцияларына қатысты Қазақстан Республикасының өзге құқықтық актілерімен танысуға;

Институттың міндеттері мен функцияларына сәйкес құқықтық актілер мен ұйымдық-өкімдік құжаттардың жобаларын әзірлеуге;

анықталған заңнама бұзушылықтарын жою және болдырмау бойынша құзыреті шегінде шара қолдануға;

заңнамамен белгіленген тәртіп пен мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;

мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге құпияны сақтауға;

нормативтік құқықтық актілермен, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерімен көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.

3. Институт қызметін ұйымдастыру

11. Институт заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне, Бас Прокурордың және Академия ректорының бұйрықтарына, өкімдеріне, нұсқауларына сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.

12. Институтқа Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Академия ректоры тағайындайтын және лауазымнан босататын директор басшылық жасайды.

13. Институт директорының орынбасары бар.

14. Директор Институттың қызметіне жалпы басшылық жасайды және Институтқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын іске асыруына жеке жауап береді.

15. Институт директоры ректорға Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісілген Институттың құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныс береді.

16. Институт директоры осы мақсатта:

1) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісе отырып, өз орынбасарының және Институттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктерін анықтайды;

2) Институттың жұмысын ұйымдастырады, Бас прокуратураның, ведомстволарының және мекемелерінің, Академияның, облыстық прокуратуралар мен оларға теңестірілгендердің құрылымдық бөлімшелерімен, орталық мемлекеттік органдармен Институттың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

3) Бас Прокурордың, Академия ректоры, Академияның жетекшілік ететін проректорының бұйрықтары, нұсқаулары, өкімдері, тапсырмаларының және Бас прокуратураның, Академияның алқа кеңестерінің, Институттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Бас Прокурор мен ректор жанындағы аппараттық және жедел кеңестері шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылауды қамтамасыз етеді;

4) Институт жұмысының мәселелері бойынша жедел кеңестер өткізеді, түскен материалдар мен өтініштерді Институт қызметкерлерінің арасында бөледі, оларға функционалдық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;

5) Институт қызметкерлерін аттестаттауға арналған материалдарды әзірлеуді ұйымдастырады;

6) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісе отырып, Институттағы кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, бағынышты қызметкерлер мен жұмыскерлерге тиісті еңбек жағдайын қамтамасыз етеді;

7) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісе отырып, ректорға Институт қызметкерлерін көтермелеу немесе оларға тәртіптік шараларды қолдану туралы ұсыныс енгізеді;

8) Институт қызметкерлерінің, жұмыскерлерінің орындаушылық, қызметтік және еңбек тәртібін орындауларын қамтамасыз етеді;

9) тыңдаушылардың және қызмет орны бойынша олардың басшылығының өтініштерін қарауды ұйымдастырады;

10) ректордың, Академияның жетекшілік ететін проректорының тапсырмасы бойынша басқа міндеттерді және олардың жеке тапсырмаларын орындайды;

11) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Бас Прокурор мен Академия ректорының бұйрықтарына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Институт директорының орынбасары:

1) Институттың, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін өз құзыреті шегінде үйлестіреді;

2) Институт директоры болмаған кезде оның міндеттерін орындайды, Институттың қызметіне жалпы басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын іске асыруына жеке жауап береді;

3) Институт директорына жетекшілік ететін құрылымы бойынша кадрларды іріктеу, қызметкерлер мен жұмыскерлер арасында міндеттерді бөлу, сыныптық шенді тағайындау, көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді;

4) Институт қызметкерлерін аттестаттауға арналған материалдарды әзірлеуді ұйымдастырады;

5) жетекшілік ететін бағыттың мәселелері бойынша жедел кеңестер өткізеді, түскен материалдар мен өтініштерді Институт қызметкерлерінің арасында бөледі, оларға функциялық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;

6) Бас Прокурордың, Академия ректоры, Академияның жетекшілік ететін проректорының бұйрықтары, нұсқаулары, өкімдері, тапсырмаларының және Бас прокуратураның, Академияның алқа кеңестерінің, Институттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Бас Прокурор мен ректор жанындағы аппараттық және жедел кеңестері шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылауды қамтамасыз етеді;

7) Институттың іс жүргізу бойынша жұмысын ұйымдастырады;

8) қызметтік құжаттарға өз құзыреті шегінде бұрыштама қояды;

9) басшылық жасайтын бөлімшенің қызметтік құжаттарына өз құзыреті шегінде қол қояды;

10) Институт директоры жүктеген өзге функцияларды жүзеге асырады.

18. Институт қызметкерлері пәндік қағидалар бойынша бөлінген міндеттеріне сәйкес жүктелген функционалдық міндеттерді, сондай-ақ Академия Институты басшылығының өзге тапсырмаларын орындайды.

19. Институт құзыретіне жататын мәселелер бойынша Академияның басқа құрылымдық бөлімшелеріне Институт атынан жолданатын құжаттарға жетекшілік ететін проректор, Институт директоры, Институт директоры болмаған жағдайда – оны алмастыратын лауазымды тұлға қол қояды.

20. Институт тікелей Академия ректорына, жетекшілік ететін проректорға бағынады, Академияның басқа құрылымдық бөлімшелерінен және лауазымды тұлғаларынан ұйымдық және фукционалдық тұрғыда тәуелсіз.

21. Институтта жалпы іс жүргізу Прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінде құжаттандыру және құжаттарды басқару ережелеріне және құпиялық режимді қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдық-өкімдік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.