АКАЕВ МАГОМЕД МАГОМЕДЗАПИРОВИЧ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кәсіби деңгейді арттыру институтының директоры

1965 жылғы 26 желтоқсанда Дагестан АКСР Бунайак ауданы Нижнее Казанище ауылында туған.

Р.А. Руденко атындағы Свердловск заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Маңғыстау облысының прокуратура органдарында, Ақтау қаласы прокуратурасының тергеушісі қызметінен бастаған.

1990 жылғы тамыздан 1991 жылғы ақпанға дейін Гурьев облыстық прокуратурасында, 1991 жылдың ақпанынан 2000 жылдың қаңтарына дейін Ақтау қ. прокурорының көмекшісінен бастап Маңғыстау облысы прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінің бастығына дейін түрлі лауазымдарда қызмет еткен.

2000 жылғы қаңтардан 2001 жылғы ақпанға дейін Бас әскери прокуратураның басқарма бастығы болып қызмет еткен.

2001 жылғы ақпаннан 2002 жылғы тамызға дейін Алматы қ. прокуратурасында мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі басқарманың аға прокуроры, бастығы болған.

2002 жылғы тамыздан 2009 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі департаменттің бөлім аға прокуроры, департамент бастығы болған.

2009 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппараты басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

2016 жылдан 2018 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы 3-Институтының директоры болған.

2018 жылғы қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы 1-Институтының директоры.

 

АДИЛОВА ЛЯЗИЗА ГАЗИЗЖАНҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кәсіби деңгейді арттыру институты директорының орынбасары

1971 жылғы 22 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін психиолог-практик, психология мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы «Әділет» жоғарғы құқық мектебін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Алматы қ. «КазКонтинентальГрупп» холдингтік компаниясында психолог қызметінен бастаған.

1996 жылдан 1997 жылға дейін ҚР Үкіметі Аппаратының Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің инспекторы, аға маманы болып жұмыс істеген.

1997 жылдан 1999 жылға дейін ҚР Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО Сот статистикасын қалыптастыру бөлімінің бас маманы, прокуроры, аға прокуроры болып қызмет еткен.

1999 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіру бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы болған.

2003 жылдан 2010 жылға дейін Ұйымдастыру-талдау басқармасының бас кеңесшісі, Сот жүйесін зерттеу жөніндегі орталықтың меңгерушісі, Жоғарғы Сот Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі, ҚР Жоғарғы Соты Заңгерлік бөлімінің, Аппараттың Құжат айналымын қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болған.

2010 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Бас прокуратурасы Институты директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2014 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасында білім алған.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Құқық қорғау органдары академиясы 1-Институты директорының орынбасары.