Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мәселелері бойынша дәріс

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында Академия мен Назарбаев Университеті арасындағы Білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы меморандум шеңберінде Phd докторы, қауымдастырылған профессор Дүйшонқұл Шаматовтың «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. Ғылыми зерттеулер этикасы» атты дәрісі өтті.

Кездесуге Академияның магистранттары, докторанттары мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Дәріскер өз сөзінде ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, жас ғалымның зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау мәселелеріне тоқталып, ғылыми зерттеудің заманауи және дәстүрлі әдістері туралы әңгімеледі.

Содан кейін ол тыңдаушыларға пікірталас тақырыбын – ғылыми зерттеулер этикасын ұсынды.

Дәріс соңында Д.Шаматов жиналғандардың сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бойынша өз ұсынымдарын ұсынды.

Кездесуге қатысушылар атап өткендей өткізілген іс-шара Академияның ғылыми және зияткерлік әлеуетін одан әрі дамыту үшін өте танымдық және пайдалы болды.