Конституция балалардың көзімен

Конституция күнінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Юнеско балалар көркем мектебінде Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған «Мен өз құқығымды білемін» шығармашылық байқауының жеңімпаздарына марапаттарды табыстау шарасы өтті.

Балалар көркем шығармашылық туындылары арқылы өздерінің патриоттық сезімдері мен Отанға деген махаббаттарын көрсетті. Байқауға ұсынылған жас суретшілердің суреттері бір-біріне ұқсамайтындығы, шынайылығы, еліміздің басты заң нормаларын өздігінше қабылдауы және түсінуімен ерекшеленеді.

Ең жақсы жұмыстар еліміздің барлық мектептерінде көрсетілетін Академия құрастырған арнайы әдістемелік кешенде негіз болып орналастырылды.

Байқауды ұйымдастырушылардың пікірінше осыған ұқсас іс-шаралар баларды рухани тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетін арттыру мен құқықтануға баулуға, өскелең ұрпақтың қоғамның лайықты азаматы болуына ұмтылысын қолдауға бағытталады.