Бас Прокурордың сапары

Бүгін Қазақстанның Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетов жаңа оқу жылы басталар алдында Құқық қорғау органдары академиясында болды.

Қадағалау ведомствосының басшысы Академия құқық қорғау жүйесінің кадрлық құрамын сапалы жаңартуға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша жұмысты қамтамасыз етуге, қоғамда сенім тудыруға қабілетті жаңа формациядағы білікті мамандарды даярлауға өз үлесін қосатынын атап өтті.

Өз кезегінде Ректор Ерғали Мерзадинов Академияның құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін кандидаттарды алғашқы кәсіби даярлаудың жаңа институтын енгізу бойынша жұмысы туралы, сондай-ақ ғылыми-білім беру қызметін одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндады.

Сонымен бірге, құқық қорғау қызметіне қойылатын талаптар бүгінде оқу орнын дамытудың, оның білім беру рейтингін арттырудың жаңа мақсаттарын тұжырымдайды.

Бұл тұрғыда жас мамандарды терең кәсіби даярлау міндеті ерекше мәнге ие болады.

Сапар барысында Бас Прокурор жоғары оқу орнының оқу-материалдық базасымен және техникалық жарақтандырылуымен, оқу полигондарының жұмысымен, қызметкерлер мен білім алушылардың еңбек және демалыс жағдайларымен танысты.