Сагиндык Кемалұлы Журсимбаев

Соңғы лауазымы: Нархоз Университетінің профессоры

Туған күні: 08.12.1940

Туған жері: Арал қаласы, Қызылорда облысы

Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары:

  • Үйленген;
  • Балалары: екеу

Тілдерді меңгеруі:

  • Орыс тілі, қазақ тілі

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • Жоғары заңгерлік, құқықтану

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі;

  • Заң ғылымдарының докторы, профессор. Диссертация тақырыбы: «Концептуальные подходы к решению проблем обеспечения принципа законности в уголовном судопроизводстве Республики Казахстан».

Еңбек өтілі:

  • Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеушісі (1970-1973);
  • Қазақ КСР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (1973-1978);
  • Қазақ КСР Прокуратурасының тергеу басқармасының прокуроры (1978-1979);
  • Алматы облыстық сотының судьясы (1979-1981);
  • Жетісу көлік прокуроры (1981-1983);
  • Алматы қ. прокурорының бірінші орынбасары (1983-1984);
  • Оңтүстік-Шығыс (Алматы) аймақтық көлік прокуроры (1984-1988);
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары (1988-1992);
  • Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (1992-1994);
  • ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты,20 Сот-құқықтық реформа және адам құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы (1994-1995);
  • ҚР Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары (1995-1996);
  • ҚР Бас прокуратурасының Аппарат басшысы, Департамент бастығы (1997-2000);
  • ҚР Бас прокуратурасының Институт директоры (2000-2004);
  • Каспий қоғамдық университетінің ЖҚМ «Әділет» профессоры (2005-2019)

Сайлау және қоғамдық лауазымдары, депутаттығы:

  • Алматы қаласы Октябрь аудандық депутаттар кеңесінің экс-депутаты;
  • Алматы қалалық депутаттар кеңесінің экс-депутаты;
  • ҚР Жоғарғы Кеңесінің экс-депутаты;
  • ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі
  • Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының қазіргі мүшесі

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, премиялары, құрметті атақтары:

  • КСРО прокуратурасының құрметті қызметкері;
  • ҚР ІІМ құрметті ардагері;
  • Қызылорда облысы Арал ауданының құрметті азаматы;
  • Қазақстан Республикасының құрметті азаматы;
  • Тәуелсіздік күніне, Парламенттің, Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 10 жылдығына арналған мерекелік медальдар, «Еңбек ардагері» медалі.

Ғылыми еңбектері, жарияланымдары:

  • 170 ғылыми, оқу-практикалық және басқа еңбектердің авторы

Әскери қызметі, әскери және арнаулы атақтары, сыныптық шендері:

  • Кеңес Армиясында ГККТ – Германиядағы кеңес күштерінің тобында қызмет етуі (1962 – 1965), запастағы аға сержант;
  • 3-сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі (отставкадағы)