Академия Ғылыми кеңесінің отырысы

2020 жылдың 23 шілдеде қашықтықтан Академия Ғылыми кеңесі өтті.

Академияның 2020 жылғы 1-жарты жылдықтағы қаржы-шарушылық және халықаралық қызметі туралы есебі және перспективалы бағыттары, Академия институттарының 2020 жылғы 1-жарты жылдықтағы жұмыстарының қорытындысы туралы және қызметінің перспективалы бағыттары туралы есептері қарастырылды.

Осы Ғылыми кеңесте, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының профессоры Е.Н Бегалиевке «Профессор» ғылыми атағын беру үшін өтініш хаты мақұлданды.

Сондай-ақ, «Уголовное преследование: разделение полномочий органов досудебного расследования и прокурора» атты монография (авторы: Тапаев С.Б., Хан В.В.) жариялауға ұсынылды.