Еліміздің Негізгі заңын құрметтеу рухында

Конституцияның 25 жылдығына арналған «Мен өз құқығымды білемін» атты балалар сурет байқауының қорытындысы шығарылды. Оның бастамашысы Tastamat.kz. қолдауымен Құқық қорғау органдары академиясы мен Нұр-Сұлтан қаласының ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектебі-клубы болды.

Байқаудың басты мақсаты еліміздің Конституциясымен танысу, балалардың құқықтық санасын арттыру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы негізгі білімді қалыптастыру болып табылады.

Оған 10-13 жас және 14-16 жас аралығындағы екі жас санатының оқушылары қатысты.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, жас суретшілердің жұмыстары олардың шығармашылық әлеуетін ашады, баланың негізгі заң нормаларын жеке қабылдауын көрсетеді, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін оятады.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы бас жүлдені Карина Каминская мен Софья Пискулеваға берді. Бірінші орынды Әлима Ахмедина, Айша Әділбек және Адель Үмбет иеленді. Екінші орынды Линара Өмірьяева, Абылай Сейіткерім, Санжар Абдрахман және Адия Аманжолова өзара бөлісті. Үшінші орынды Алина Байбусынова, Жаннұр Абдрахманова, Луиза Евлоева, Медина Піртаза және Мәриям Лепесбай иеленді.

Байқау жұмысына 75 сурет қатысты.

Гран-при: сілтеме

1 орын: сілтеме

2 орын: сілтеме

3 орын: ссылка