Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қашықтық режимінде Академияның 48 түлегі өздерінің магистрлік диссертациялары мен жобаларын қорғады.
Ағымдағы жылы алғаш рет бейінді магистратураның алғашқы 8 түлегінің магистрлік жобаларын қорғауы жүргізілуде, оның құрамында Бас прокуратураның орталық аппаратының, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің, Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері, Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері бар.
МАК төрағалары бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура түлектерінің теориялық және практикалық дайындығына жоғары баға берді, қорғалатын жобалар тақырыптарының өзектілігі мен қажеттілігін, қолданыстағы енгізу актілерінің маңыздылығын атап өтті.