Екіжақты ынтымақтастықтың тиімділігі туралы

Құқық қорғау органдарының академиясы Қазақстандағы есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ Басқармасы Кеңсесі басшысының м.а. жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында есірткінің заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, ақшаны жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан мен ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін онлайн режимінде бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу шарттары талқыланды.

Сондай-ақ экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс жөніндегі қолданыстағы жобаны одан әрі іске асыру мәселелері қозғалды.

БҰҰ өкілі өңірлік және өңіраралық деңгейде оқу іс-шараларын ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін растады.