Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты «Атамекен» ҰКП тапсырысы бойынша «Кәсіпкерлердің құқықтарын және олардың заңды мүдделерін қорғауды күшейтудің өзекті мәселелері» атты ғылыми талдау жүргізді.
Зерттеу қорытындысы бойынша бизнесті қорғауды күшейту бойынша ұсыныстар қалыптастырылды, заңнамалық түзетулер дайындалды. Атап айтқанда, кәсіпкерлік бастаманы іске асыру бойынша қоғамдық қатынастар қол сұғу объектісі болып табылатын Қылмыстық кодекстің жеке тарауын енгізу ұсынылды.
Зерттеу нәтижелері Криминологиялық форумның отырысында талқыланды. «Атамекен»ҰКП жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында сынақтан өткізілді.
Қазіргі уақытта форум материалдарының жинағы дайындалды, ол академия сайтында қолжетімді және ғалымдар мен тәжірибелерге, сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызықты болады.