Құқық қорғау органдары академиясында проректор Маралбек Ешімов БҰҰ ЕҚБ-ның Заңсыз кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі Александр Водянмен кездесті.
Әңгімелесу барысында ұлттық ІТ-академиясы базасында кәсіби аккредиттеу жүйесін құру және сыбайлас жемқорлыққа, қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарды дамыту жөніндегі пилоттық жоба шеңберіндегі екі жақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Тараптар сондай-ақ «Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл» бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру, Академия алаңында симуляциялық тренингтер мен басқа да ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыру жөнінде пікір алмасты.