Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Академия ректоры Ұлан Байжанов мемлекеттің қалыптасуындағы Мемлекет басшысының айтулы рөліне тоқтала отырып, тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен жеткен жетістіктері оның көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екенін атап өтті.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті ретінде Нұрсұлтан Назарбаев егемендігімізді қалыптастыру және нығайту, азаматтардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын жақсарту идеяларын негізге алды.
Мемлекет басшысы алға тартқан әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың, ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық басымдықтары қоғамда ішкі саяси тұрақтылық пен ынтымақтастықтың берік іргетасын қалыптастырды.
Президенттің сарабдал саясатының арқасында Қазақстанның шет мемлекеттермен ынтымақтастығы кеңейіп, әлемдік аренада мемлекетіміздің беделі артуда.
Салтанатты іс-шара соңында қызметкерлер Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы деректі фильмді тамашалады.