Құқық қорғау органдары академиясында Прокуратура күнін мерекелеу туралы баспасөз ақпараты

Кәсіби мереке – Прокуратура күніне орай Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында салтанатты жиын өтті.

Іс-шараны ашқан Академия ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров ұжымды прокуратура органдарының құрылған күніне 25 жыл толуымен құттықтады.

Тәуелсіздік алғаннан бері Мемлекет басшысының қолдауымен прокуратура жоғары қоғамдық-саяси мәртебеге ие болып, бүгінде құқық қорғау жүйесінің басты институты, сондай-ақ заңдылықты нығайтудың, адам, қоғам және мемлекет құқықтарын қорғаудың құралы ретінде танылғанын атап өтті.

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрылуы құқықтық жүйені одан әрі жетілдіру бойынша міндеттерді іске асырудың маңызды кезеңі болды. Оның мақсаты – жетекші білім беруші ғылыми орталыққа айналып, сапалы жаңа кадрлық әлеуетті даярлауды қамтамасыз ету.

Ұжым зейнеткерлік демалысқа кетіп бара жатқан әріптестеріне ерекше қошемет көрсетті. Прокурорлар ардагерлерді құттықтап, оларға бірлесіп жұмыс жасағандары, кәсіби шеберліктері мен ортақ қызметке адалдық танытқандары үшін өз алғыстарын білдірді.

Дәстүр бойынша бұл күні жас прокурорлар ант қабылдады.

Кәсіби мерекеге орай бірқатар қызметкерлерге мінсіз қызметтері мен өз міндеттерін үлгілі орындағандары үшін ведомстволық наградалар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Іс-шара мерекелік концертке ұласты.