Шешендік өнер дағдыларын үйрету жөніндегі курстар туралы баспаcөз ақпараты

Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында «Шешендік өнер дағдыларын үйрету» тақырыбындағы курстардың ашылуы өтті. Семинар Бас Прокурордың тапсырмасымен Бас прокуратура және аймақтық прокуратура органдарының қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

Академияның бірінші проректорының міндетін орындаушы Наиль Ахметзакиров іс-шараны аша отырып, тыңдаушыларды курстардың ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, қатысушыларға жұмыстарының белсенді әрі нәтижелі болуын тіледі.

Оқу бағдарламасында коммуникацияның заманауи технологияларын игеру, коммуникативті қабілеттерді дамыту қарастырылған. Сонымен қатар қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу, қалыпты және қалыптан тыс жағдайларда жұмысты ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды игеретін болады.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.