Қазақстан Республикасы Бас прокурорының алқа отырысы туралы баспасөз баяны

Бүгін Бас прокуратурада «Кәсіби мемаппарат құру. Прокуратура: «әрекеттегі «100 нақты қадам» мәселесі бойынша отырыс өтті.

Алқа жұмысына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жауапты қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Бас Прокурор Жақып Асанов маусымда Назарбаев Университетінің қабырғасында ЖОО түлектерінің, студенттердің, депутаттардың қатысуымен өзінің «Прокуратураға – үздік кадрлар!» жобасын бастағандығын еске салды. Жобаны таныстырған Ведомство басшысы сауалнама қатысушыларының 93%-ы прокуратураға тамыр-таныссыз орналасу мүмкін емес деп жауап бергендігін атап өтті.

Елбасының «Кәсіби аппарат құру» реформасының маңыздылығын атап өткен Жақып Асанов бұл бағытта орасан зор жұмыс жүргізіліп жатқандығын ерекше атады. «Өз қатарларымыз» тазалануда, болашақ прокурорларды іріктеудің объективті әрі ашық жүйесі құрылуда, басшылық құрамды тағайындау тәсілдері өзгеруде, Құқық қорғау органдары академиясы базасында қызметкерлер даярлау тетігі жетілдірілуде.

«Бұл тақырып жастар үшін ерекше өзекті және маңызды, олар прокуратура органдарына тамыр-таныссыз орналасуға болатындығына сенуі керек», — деп осы мәселеге баса назар аударды Бас Прокурор.

Прокуратураға іріктеудің жаңа инструменттерін енгізу нәтижелері және кадр саясатын дамытудың одан арғы перспективалары туралы Кадр жұмыстары департаментінің бастығы Александр Огай айтты.

Бөлімше басшысының айтуынша, кандидаттарды бағалаудың жаңа инструменттері өз тиімділігін дәлелдеді, жұмысқа қабылдау кезінде субъективизмге жол бермеуге мүмкіндік берді. 12 прокуратурда өткен конкурстардың қорытындысы бойынша, 1350 кандидаттың тек 69-ы ғана конкурстың барлық кезңдерінен сәтті өтті және үздік нәтижелер көрсетті. Қазір 64 кандидат еліміздегі қала және аудан прокуратураларында лауазымдарға тағайындалды. Олар академиядан оқытудан өтті.

«Прокуратура қызметкерлердің жаңа генерациясына ие болды. Олар қазір залда отыр. Бұл сауатты әрі белсенді жастар. Қызметке олар өздері орналасып, қатаң бәсекелістіктен сүрінбей өтті. Бұл олар үшін прокурор мәртебесін одан әрі арттыра түспек», деп атап өтті баяндамашы Александр Огай.

Прокуратураның жас қызметкерлеріне арналған курстардың нәтижелілігі мен қажеттілігі туралы Құқық қорғау органдары академиясы бірінші проректорының м.а. Наиль Ахметзакиров баяндады. «Жас прокурорлар тура бір ай уақыттарын Академияда өткізді. Олар оқыту барысында көрсеткен нәтижелер өте жақсы. Кәсібилік. Көшбасшылық. Көпшілдік. Бұны әрбір лектор назардан тыс қалдырған жоқ. Олардың жеке істерін зерделегенде, біз олардың әлеуметтік белсенділіктері туралы білдік, бұл, әрине, сүйсінерлік», деп атап өтті ол.

Сонымен қатар алқа отырысында ЖОО-лардың рейтингін жүргізу қажеттілігі атап өтілді. Студенттер мен олардың ата-аналары не үшін ақша төлейтіндігін және қандай да бір ЖОО-ның түлегіне жұмысқа орналасудың шынайы мүмкіндіктері қаншалықты екендігін білуі тиіс. Бұл бастамалар кадрлармен жұмысты одан әрі жетілдіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде ұсынылды, оның жобасы алқа отырысында таныстырылды.

Бұдан басқа, бүгінгі отырыста сондай-ақ «30 үздік мемайыптаушы» жобасын іске асырудың нәтижелері айтылды.

Бас прокуратура Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаментінің бастығы Болат Дембаев Үздік мемайыптаушылар пулына конкурстың алғашқы 8 жеңімпазын атады, олардың ішінде 6 қызметкер аймақтардан және екеуі орталық аппараттан. Бұл Ғалымжан Тілеубаев (Бас прокуратура Департаменті Басқармасы бастығының орынбасары), Сырым Ақбаев (Бас прокуратура Департаментінің аға прокуроры), Еркебұлан Рыскелдиев (БКП басқармасының бастығы), Таңат Тасов (Қостанай облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры), Оспан Қарымсақов (Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі), Тимур Шамои (Алматы қ. Жетісу прокуратурасының бөлім бастығы), Берік Құлмағамбет (Атырау көлік прокуроры), Рауан Тобықов (Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық прокуратурасының аға прокуроры).

Жеңімпаздардың жұмыстарын арнайы комиссия үш негізгі өлшем бойынша бағалады – сотқа қатысудың белсенділігі, шешендік өнер, сот жарыссөздеріндегі ұстанымның айғақтылығы және сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз ету, — деп атап өтті сөйлеген сөзінде Болат Дембаев.

Баяндамашы жергілікті жерлердегі әріптестеріне қарата Пулда 22 бос орынның бары туралы айтты. «Пул құрамында болу, онда ұдайы болудың кепілі емес. Әрбір кейінгі конкурсқа қатысушы көп балл жинауы және Пулдағы адамдарды ығыстыруы мүмкін. Сондықтан оған қол жеткізіп қана қоймай, оның құрамында қалуға тырысу қажет. Бұл үшін жеткілікті мотивация бар», — деп сөзін қорытындылады Б.Дембаев.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша, түскен ұсыныстарды ескере отырып жаңа прокурорлар генерациясын одан әрі қалыптастыру бойынша кешенші іс-шаралар жоспарын пысықтау және оны іске асыруға кірісу ұсынылды.