үгін Бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдары академиясында Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.
Академия бірінші проректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров нәзік жанды қызметкерлерді құттықтап, қоғамдағы әйелдің рөлін, оқу орнының қалыптасуындағы және ғылыми білім беру қызметінің тиімділігін арттырудағы олардың үлестерін атап өтті.
Ол әйел қызметкерлерге жылы лебізін жеткізе отырып, «Сіздер академияның өміріне белсенді араласу арқылы оқу орнының ғана емес, тұтастай еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер», деді.
Салтанатты жиын соңы Академия қызметкерлері мен тыңдаушылары әзірлеген мерекелік концертке ұласты.