Аудандық деңгейдегі басшыларға арналған курстардың аяқталуы туралы

Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қала (аудан) прокурорлары мен басқарма басшылары лауазымдарына кадрлық резервте тұрған прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған бес күндік курстар аяқталды.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және кәсіби деңгейді арттыру институтының директоры Нұрлан Дәниев болашақ басшылар үшін оқыту іс-шарасының маңыздылығын атап өтті. Ол заманауи прокурорлар шешендік өнер, жобаларды басқару дағдыларын және өзге де көшбасшылық қасиеттерді меңгеруі қажет екенін атап өтті және алған білімдерін қызметте сәтті әрі тиімді пайдалануларын тіледі.

Іс-шараға қатысушылар өз пікірлерімен және алған әсерлерімен бөлісті.

Тыңдаушыларға курстарды аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.