Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қызметкерлеріне арналған курстың ашылуы туралы

Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тергеушілеріне арналған «Мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы басталды.

Курстың оқу бағдарламасы құқық қолдану практикасының қажеттілігін ескере отырып құрастырылған және тыңдаушылардың кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіруге бағдарланған. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының өзекті мәселелері, сыбайлас жемқорлық бойынша құқықтық бұзушылықтарды ашу және тергеудің заманауи әдістері, қылмыстық құқықтық бұзушылықтарды ашу мен аналитикалық жұмыста заманауи ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде дәрістер мен тренингтер қарастырылған.

Оқуға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері тартылды.

Курс 17 наурызға дейін жалғасады, соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.