Оқыту іс-шараларының аяқталуы туралы

Құқық қорғау органдарының академиясында аудан (қала) прокуроры қызметіне резервте тұрған прокуратура қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырудың кезекті курстары аяқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро қызметкерлері үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тренинг ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек прокуратура қызметкерлері үшін шешендік шеберлікті дамыту бойынша тренинг өткізілді.

Оқыту іс-шараларының тыңдаушылардың болашақ қызметіндегі маңызын атап өтіп, Академия ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров «Бүгін қадағалау органының толық көлемдегі трансформациясы басталды. Біздің қоғамға әділетті, тиімді әрі ашық – жаңа форматтағы прокуратура қажет. «Қазақстан прокуратурасының өзгерістер бағдарламасы» жобасы басталды. Біздің негізгі міндетіміз – қоғамдағы сенім индексін арттыру және оң халықаралық имиджді қалыптастыру. Осы тұрғыда Академияның күш-жігері толығымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жаңа формациясын – көшбасшылар мен заманауи менеджерлерді дайындауға бағытталған», – деп атап өтті.

Ол тыңдаушыларды Академияның ғылыми-білім беру қызметінің негізгі нәтижелерімен, жобалық менеджмент аясындағы жетістіктерімен таныстырып өтті.

Семинарлардың негізгі мақстаы – кәсіби және басқарушылық құзыреттіліктерді, сондай-ақ тыңдаушылардың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру. Оқу бағдарламалары мамандардың біліктілігін арттыруға, бейінді мамандыруды дамытуға, сонымен қатар қызметтің негізгі практикалық дағдыларын барынша меңгеруге бағытталған.

Оқыту барысында негізгі назар жедел басқарудың заманауи технологияларын практикалық қолдану, стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық қасиеттерді, шешендік шеберлікті дамыту, басшының қызметінде орын алуы мүмкін қалыптан тыс жағдайларды шешу мәселелеріне аударылды. Тыңдаушылар тренингтердің мазмұндылығын атап өтіп, оның басқарушылық функцияларды дамытуға, заманауи басшыға қажетті білім мен практикалық дағдыларды үйретуге бағытталғанын атап өтті.

Тыңдаушыларға курстарды аяқтағандары туралы сертификаттар табысталды.