Наурыз мейрамына орай

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Ұжымды осы жарқын мерекемен құттықтаған академия ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров Наурыздың бейбітшілік пен қоғамдағы өзара түсіністікті, достық пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы, жастарды еліміздің тарихын сыйлау және патриотизм рухында тәрбиелеудегі ерекше рөлін атап көрсетті.

Халқымыз наурызды ежелден бері жаңа жылдың басталуы және жамсампаздықтың жаңа күні ретінде қадір тұтып келген. Бүгінде ол барлық Қазақстан халқы үшін сүйікті көктем мерекесі ретінде қалыптасып, табиғаттың жаңаруы, рухани тазару, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің белгісіне айналып отыр.

Жаңарған Наурыздың тарихы – біздің Тәуелсіздігіміздің тарихы. Осы жылдары ежелгі мейрам заманауи өмірге үйлесімді еніп, уақытты, тарихты және бүгінгі Қазақстанды байланыстырушы маңызды бөлшекке, ұлттық дәстүрдің сабақтастығына айналды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты Жолдауында Мемлекет басшысы атап өткендей, «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды. Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек».

Мемлекет басшысы ұсынған «Мәңгілік ел» саяси идеясы өз ұрпағына жарқын болашақты қамтамасыз ету ұмтылысындағы қазақстандық қоғамды топтастыруға бағытталған. Тәуелсіз даму жылдарындағы еліміздің басты жетістіктері – халық бірлігі, ұлтаралық келісім, толеранттылық, саяси тұрақытылық, экономикалық жетістіктер. Біздің мақсатымыз – қол жеткізген жетістіктерімізді тұтастай нығайту және дамыту»,-деп атап көрсетті ректордың міндетін атқарушы.

Сондай-ақ оқу орнының Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудағы рөлі туралы айтылды. «Еңбек және кәсіби шеберлер қоғамын қалыптастыру, отбасылық және жалпы адамзаттық құндылықтарды биікте ұстауды қалыптастырудың шешуші міндеттері Академия қызметінің басты бағдары болып табылады»,-деді ол.