Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлеріне арналған курстардың ашылуы туралы

Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің экономикалық тергеу қызметінде ішкі қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған «Экономикалық тергеу қызметінде қауіпсіздік жұмысын қамтамасыз ету» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары басталды.

Бағдарлама бойынша үш оқыту модулін игеру қарастырылған. Тыңдаушылар жемқорлық туралы істі ашу және тергеу, практикалық психология, жанжалтану, нейролингвистикалық бағдарламалау, сондай-ақ экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартудың құқықтық негіздерімен танысатын болады.

Курстың мақсаты – біліктілік пен қызметтік дағдыларды арттыру, кәсіби және коммуникативтік құзыреттілікті дамыту, жанжалды жағдайларды шешу.

Курс соңында тыңдаушыларға сәйкес сертификаттар табысталады.