Академияда мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Құқық бұзушылыққа мүледем төзбеушіліктің өзекті мәселелері» атты ғылыми зерттеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.
Жиында Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры Айдар Сәсенов төрағалық етті.
Отырыс барысында жұмыстың негізгі бағыттары, мақсаттары және басты міндеттері анықталды. Талқылау барысында азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін одан әрі арттыру, олардың арасындағы қарым-қатынастың нәтижелері мен жағдайы сияқты негізгі мәселелер қарастырылды.
Талқылау нәтижесінде аталмыш мәселені шешу мақсатында тиімді ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.