Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметінің ішкі қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған «Экономикалық тергеу қызметінде қауіпсіздік жұмысын қамтамасыз ету» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары аяқталды.
Курс бағдарламасы практика қажеттілігі негізінде құрастырылды, оқу барысы тыңдаушыларға тренингтер және коуч-сессиялар өткізілді, оқу интерактивті түрде жүргізілді.
Академия басшылығы семинарда дәріс оқыған қызметкерлерге алғысын білдірді, сондай-ақ тыңдаушыларға алған білімдерін практикада тиімді қолдану керектігін айтып өтті.
Іс-шараға қатысушылар өз тілектерімен және пікірлерімен бөлісті.
Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.