Академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері үшін кезекті арнайы бастапқы даярлау курстары басталды

Академияда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қабылданған қызметкерлерге арналған кезекті арнайы бастапқы даярлау курстары басталды.

Іс-шараны аша отырып, Академияның Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және кәсіби деңгейді арттыру институты Кәсіби деңгейді арттыруды ұйымдастыру жөніндегі басқармасының бастығы Сабыржан Оңалбаев Қазақстанның құқықтық жүйесін реформалау жағдайында ең күрделі мәселелерді шешуге қабілетті құқық қорғау органдарының кәсіби корпусын даярлау қажет екенін атап өтті. Сондықтан да курстың басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, заман талаптарына жауап беретін мамандарды даярлау болып табылады.

Бір ай ішінде олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби жұмыс жасау үшін қажетті дағдыларды меңгереді. Сондай-ақ жобалық менеджмент, шешендік өнер, басшылық ету, тұлғалық қасиеттерді дамыту және басқа да салалар бойынша білімдерін арттырмақ.

Курстың оқу бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, құқық қолдану тәжірибесінің қажеттіліктері негізінде жасалған. Оқу бағдарамасы жас қызметкерлердің жалпы салалық, жазба, коммуникативтік, ақпараттық және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.

Арнайы бастапқы даярлау курстары бір айға созылады, осы уақыт аралығында тыңдаушылар қажетті мөлшердегі білім мен дағдыларды игеретін болады.