Көшбасшылық, шешендік өнер және өзін-өзі дамыту бойынша белгілі ресейлік маман Радислав Гандапас бүгін Бас прокуратурада «Қазіргі замандағы ұйымның көшбасшысы» тақырыбында тренинг өткізді.
Ол тыңдаушыларға өздерінің кәсіби таланттарын және көшбасшылық қасиеттерін ашуға, өзін-өзі дамытудың перспективаларын көруге, тиімді менеджер және басқарушы болуға үйретуге, өз бағыныштыларын жетістікке жетуге және қойылған мақсаттарына қол жеткізуге ынталандыруға қатысты ойларын жеткізуге тырысты.
Қатысушылардың пікірі бойынша тренинг өте пайдалы және тиімді болды. Прокурорлар өздерін дамытуға және кәсіби қызметтерінде әрқайсысы үшін қажет кеңестер мен ұсыныстарды көзбе-көз тыңдауға қайталанбас мүмкіндік алды.
Бұл іс-шаранының өзектілігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және адам капиталының сапасын жақсарту негізінде еліміздің одан әрі жемісті дамуына бағытталған маңызды тармағының мақсаттарымен тұтастай сәйкес келеді.
Өткізілген тренинг прокуратураның сапалы түрде жаңаруы, талантты әрі прогрессивті ойлайтын қызметкерлерді және тиімді басшыларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға көмектесетін болады.