Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: стратегиялық аспектілер, халықаралық тәжірибе және анықтаудың заманауи әдістері» тақырыбы бойынша прокуратура органдары және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған кезекті курс басталды.
Курстың бағдарламасы екі оқыту модулінен тұрады, олардың аясында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының стратегиялық мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық тәжірибе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтаудың заманауи әдістері мәселелері қарастырылатын болады.