Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрылғанына екі жыл толды.
Осы орайда Академия ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров айтулы күнді Қосшы ауылында оқу ғимаратының аумағында ағаш отырғызу арқылы атап өтуді ұсынды.
Бұл бастама белсенді қолдау тапты. Бас Прокурор Аппаратының басшысы Е.Өмірәлиев, Бас әскери прокурор Е.Мерзадинов, Бас көлік прокуроры М.Әлиханов және өзге де құрылымдық бөлімшелер басшылары бастаған прокуратура органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Бас прокуратураның Жобалық Кеңсесі өкілдері өз отбасыларымен бірігіп Академия аумағын көркейтетін ағаштар аллеясын отырғызды.
Бұл ағаштарды отырғызу бойынша Академия бастамасымен ұйымдастырылып отырған екінші экологиялық акция.
Экологияны жақсартуға арналған бұл іс-шара барлық қатысушыларға жақсы әсер қалдырып, ұжымды біріктіріп, оның командалық рухын нығайтты.