Қүш құрымылымдары қызметкерлерін даярлауда өзара іс-қимылдың жаңа бағыты

Құқық қорғау органдары академиясының жетекшісі Наиль Ахметзакиров Қостанай облысына сапары кезінде өңір басшысы және ІІМ Қостанай Академиясының басшылығымен кездесті.

Ол облыс Әкімі Архимед Мұхамбетовпен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін кадрларды даярлау бойынша ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Академия басшысы жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруда облыс әкімдігіне көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ сол күні ІІМ Қостанай Академиясының басшылығымен, профессорлық-оқытушылық құрам және курсанттарымен кездесу өтті.

Наиль Ахметзакиров жиналған қауымға «Қазақстан прокуратурасының өзгерістер бағдарламасы» жол картасын жүзеге асыру және еліміздің қадағалау органын өзгерту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар Академияның жобалары мен алдағы уақытқа арналған жоспарлары туралы айтып берді.

Кездесу соңында екі академияның басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бірлескен жобаларды іске асыру үшін оқу процесінде және зерттеу қызметінде өзара іс-қимыл жасаудың түрлі формалары қолданылатын болады, тұрақты түрде ақпарат алмасу ретке келтіріледі.

Келісімге қол қою арқылы заңгер кадрларды даярлау, ғылыми-білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша бірлескен күштерді нығайтуға мүмкіндік туды.

Кездесу соңында Наиль Ахметзакиров ІІМ Академиясы басшылығы мен ұжымына қойылған міндеттерді іске асыруда сәттілік пен шығармашылық табыстар тіледі.