Қоғамдық сананы жаңғырту арқылы мемлекеттік тілді дамыту

Құқық қорғау органдарының академиясы прокуратура органдарында мемлекеттік тілді дәріптеу мақсатында, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын кеңінен талқылау үшін Бас прокуратурада «Қазақ тілі — баршаға» атты дискуссиялық клубтың отырысы өтті.

Дискуссиялық клубтың жұмысына прокуратура ардагерлері мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, педагогтар мен ғалымдар қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Академия проректоры Роза Досымбекова қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында өткізіліп жатқан іс-шараның өзектілігін атап өтті. «Өзгерісті өзімізден бастауымыз қажет, өзінің сана-сезімін өзгерте отырып, әр азамат қоғам мен мемлекеттің дамуына қолдан келгенше үлесін қоса алады», — деп атап өтті ол.

Қатысушылар Мемлекет басшысының мақаласы қазақстандықтар үшін патриоттықты одан әрі нығайту, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға күшті серпін беретінін атап өтті.

Жас ұрпаққа берілетін патриоттық тәрбиені дамыту, мемлекеттік тілдің кезең бойынша латын әліпбиіне өтуі, қазақ тілінде монографиялар, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу мәселелері талқыланды.