Академияда Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері үшін кезекті арнайы алғашқы даярлау курстары басталды

Академияда Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің Экономикалық тергеу қызметіне қабылданған қызметкерлеріне арналған кезекті арнайы алғашқы даярлау курсы басталды.

Курстың оқу бағдарламасы жас қызметкерлердің жалпы салалық, жазба, коммуникативтік, ақпараттық және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.

Курстың оқу бағдарламасы экономикалық тергеу қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып құқықтық қолдану тәжірибесінің қажеттіліктері негізінде жасалған.

Бір айлық курс аясында тыңдаушылар кәсіби міндеттерін орындауда қажетті дағдылар мен шеберліктерді игереді. Сондай-ақ олар жобалық менеджмент, шешендік өнер, басшылық ету және басқа да тұлғалық қасиеттерді дамыту салаларында білімдерін арттырмақ.