Құқық қорғау органдары академиясында Жаһандық қауіптерге қарсы өңірлік хаб базасында «Азаптаулар мен қатыгездік жасауды Стамбул хаттамасына сәйкес тиімді құжаттау» атты төрт күндік оқыту семинары өз жұмысын бастады.
Тренинг прокуратура, ішкі істер органдары қызметкерлері, сот-медициналық сарапшылар үшін ұйымдастырылды.
Іс-шара ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңсесі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының қолдауымен өткізіліп жатыр.
Іс-шараны аша отырып Институт директоры Шакир Шаяхметов осы санаттағы қылмыстарды тергеудің тиімділігін арттыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тұрғысынан семинардың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанда адам құқықтары саласында халықаралық стандарттарды жүзеге асыру, оларды ұлттық заңнамада бекіту бойынша маңызды қадамдар жасалды. Азаптауларға қарсы конвенцияға қосыла отырып, республика азаптауларды қолданудың алдын алу және болдырмау бойынша тиімді шаралар қолдану жөніндегі міндеттерді өзіне алды.
Сонымен қатар азаптауларды қолдану проблемасы өзінің өткірлігін жоғалтпауда.
«Осы саладағы мерзімі жеткен проблемаларды шешу үшін бірқатар өзекті мәселелерді шешу қажет. Олардың негізгілері – азаптаулар туралы қылмыстық істерді тиімді анықтау және тергеу. Тергеуді қылмыстың ізін суытпай өткізген маңызды», — деп атап өтті спикер.
Семинардың ашылу барысында айтылып кеткендей, осы жұмыстың нәтижелігі игерілген практикаға, жедел тергеу тәжірибесіне тікелей байланысты. Осыған байланысты семинарда Қазақстанда азаптауларды құжаттандыру, осындай фактілерді анықтау кезінде маңызды әрі шұғыл процедураларды жетілдіру проблемалары талқыланатын болады. Сонымен қатар тыңдаушылар азаптауларды халықаралық құқықтың нормаларына сай тергеу практикасымен танысады.
Бұдан бөлек қатыгездік жасау жағдайларын анықтау және құжаттау үшін қажетті дағдыларды меңгеру мақсатында семинар бағдарламасында практикалық тапсырмалар, түрлі жағдайларға байланысты есептер қарастырылған.
Тренерлер ретінде танымал халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысуда.
Оқу соңында қатысушыларға халықаралық сертификаттар беріледі.