Астанада қаржылық қылмыстарды тергеу және заңсыз активтерді қайтару проблемаларына арналған халықаралық семинар өз жұмысын аяқтады.
Іс-шараны Құқық қорғау органдарының академиясы ЕҚҰЫ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Бес күндік тренингтің тыңдаушылары Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Канада мен Швейцарияның сарапшылары, Қазақстанның жетекші ғалымдары және т.б. Алғаш рет Өңірлік хаб шеңберінде Пәкістан мемлекетінің өкілдері қатысты.
Жабылу салтанатына Бас Прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев, Академия басшысы Наиль Ахметзакиров, сондай-ақ Пәкістан елшісі Абдул Салик Хан қатысты.
Бас Прокурордың орынбасары жаһандану жағдайындағы қаржылық қылмыстар проблемаларының айрықша өткірлігін атап өтті. Он жылда қозғалған қылмыстық істер бойынша Қазақстаннан 10 млрд. доллардан астам қаржы шығарылды. Осындай қылмыстарды тергеу сапасының төмендігі, өзіміздің әдістемелік базамыздың болмауы және өзге де бірқатар себептер активтерді қайтаруға арналған жұмыстың тиімділігіне едәуір түрде кері әсерін тигізуде. Бұл проблемаларды шешу үшін «Ұрланған активтерді шетелден қайтару» жобасы ұсынылды. Кадрларды жүйелі оқыту – осы жобаның бір кезеңі.
Семинардың мақсаты – қаржылық қылмыстарды тергеу саласында мамандардың біліктілігін арттыру, жоғары дәрежеде қажетті білім мен дағдыларға ие кадрларды даярлау.
Семинарды Өңірлік хаб базасында қаржылық тергеу бойынша алғаш рет дайындықтан өткен ұлттық тренерлердің алғашқы тобы өткізді. Мамандар ұрланған активтерді анықтау және қайтарудың заманауи әдістерімен бөлісті.
Шетелдік сарапшылар ақшаны жылыстатудың негізгі әдістері, қылмыстық табыстармен күрестің үздік әлемдік тәжірибесі, қылмыстық капиталды шетелден қайтаруды қамтамасыз ету жайында айтып берді.
Семинар қатысушылардың үлкен қызушылығын көрсетіп, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен белсенді тәжірибе алмасуды дамытуға септігін тигізді.