Құқық қорғау органдары академиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро қызметкерлері үшін «Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында апталық біліктілікті арттыру курстары басталды.
Курс бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының ерекшеліктерін ескере отырып, тәжірибе қажеттілігіне негізделіп жасалған.
Тыңдаушылар мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының стратегиялық мәслелерін зерттеп, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтаудың заманауи әдістерін, ақпараттық технологияларды қолдануды игеріп жатыр. Мұның барлығы тергеушілерге елелулі көмек көрсетіп, қылмыстық істерді тергеу және ашу сапасын арттыруы тиіс.
Тренерлер ретінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Ұлттық бюроның Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысуда. Олар тыңдаушыларға теориялық және практикалық білімдерін тереңдетуге әрі кеңейтуге, қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті арнайы білім мен дағдыларды меңгеруге көмек көрсетуде.