Құқық қорғау органдарының академиясы Украинаның Ұлттық прокуратура академиясымен ынтымақтастық етеді

Құқық қорғау оргдарының академиясы Украинаның Ұлттық прокуратура академиясымен ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Бүгін екі оқу орнының басшылары Наиль Ахметзакиров пен Иван Присяжнюк сәйкес меморандумға қол қойды.

Құжат прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласында өзара тиімді қарым-қатынас орнатуды қарастырады.

Екі білім беру мекемелерінің арасында меморандумға қол қою білім беру қызметін жетілдіруге, бірлескен білім беру және фундаменталды зерттеулерді жүргізуге бағытталған күштерді нығайтады.

Тараптардың пкірінше, келісім құқықтық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына және серіктестік қарым-қатынастың нығаюына өз септігін тигізеді.