Конституция күні құрметіне

Конституция күні қарсаңында Құқық қорғау органдары академиясының аумағында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған естелік мемориалы ашылды.

Прокуратура ардагерлері, Целиноград ауданының ақсақалдары іс-шараның құрметті қонақтарына айналды. Қаһармандарды еске алу үшін Академия қызметкерлері мен тыңдаушылары, ауыл тұрғындары да келді.

Салтанатты рәсімді Ақмола облысы Қосшы ауылдық округінің әкімі Дінмұхаммед Қалиев пен Академия ректоры міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров ашты.

Сондай-ақ жиналған жұрт алдында ауыл ардагерлері мен прокуратура органдары ардагерлерінің республикалық Одағының төрағасы Гүжан Қарақұлова сөз сөйледі.

рдагерлер жас ұрпаққа Отанымыздың тәуелсіздігін сақтау үшін жанын пида еткендердің атына лайықты болсын деген тілек білдірді.

Ауыл тұрғындары аты аңызға айналған жерлестерін мәңгні естерінде ұстап, оларды мақтан тұтады. Қазақстанның халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев Рейхстагқа жеңіс туын тіккен. Айтмағамбет Есмағамбетұлы «Красная заря» ауылын фашисттерден босатқаны үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Куан Шибучиков батылдығы мен өжеттілігі үшін Ұлы Отан соғысы ордені мен мадальдарға ие болды.

Іс-шараға қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Осыдан соң Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Ұжымды мерекемен құттықтай отырып, Академия басшысы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында Конституцияның тарихи маңызын, конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде прокуратураның рөлін атап өтті.

Қазіргі конституциялық реформа прокуратураның статусын одан әрі нығайтты, осы арқылы оның мемлекеттік құрылымдағы орны мен маңызын айқындады. Енгізілген жаңашылдықтар қадағалау органының құқық қорғау әлеуетін жетілдіруге және қадағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Конституциялық өзгерістерге сай Академия алдында қызметкерлерді прокурордың қылмыстық процесске қатысуының жаңа құқықтық және практикалық аспектілерін қайта оқытумен байланысты маңызды міндеттер тұр.

Салтанатты іс-шара Академия қызметкерлері мен тыңдаушылары әзірлеген концертпен аяқталды.