Академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтнің қызметкерлері үшін кезекті курстар басталды

Академияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қабылданған қызметкерлерге арналған кезекті арнайы алғашқы даярлау курсы бастау алды.

Бір ай ішінде курс аясында олар қажетті кәсіби білім мен дағдыларды игереді. Сондай-ақ шешендік өнер, көшбасшылық және басқа да тұлғалық қасиеттерді дамыту салалары бойынша білім алады.

Курстың оқу бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, құқық қолдану тәжірибесінің қажеттіліктері негізінде жасалған.

Курстың оқу бағдарамасы жас қызметкерлердің жалпы салалық, жазба, коммуникативтік, ақпараттық және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.

Арнайы алғашқы даярлау курстары бір айға созылады.