Отбасылық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында

Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында Құқық қорғау органдары академиясы прокуратура қызметкерлері мен олардың отбасылары үшін «Отбасы. Балалармен қарым-қатынас» атты трениниг ұйымдастырды.

Тренингті отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар мен бала тәрбиесі мәселелері бойынша танымал коуч-жаттықтырушы, «Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығының басшысы Елжас Бағысбеков өткізді.

Оқытудың мақсаты – балаларды тәрбиелеу мен гармониялық қарым-қатынастарды құруда, отбасы ішіндегі кофликтерді шешуде көмек көрсету.

Тренинг соңында әр қатысушыға Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы әзірлеген «Педагог кеңестері» жинағы берілді.