Киберқылмыстылыққа қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел жұмысы туралы

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясы алаңында «IRZ» Қазақстандық-германдық xалықаралық ынтымақтастық қоры мен ЕҚҰЫ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен киберқылмыстылық пен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша xалықаралық дөңгелек үстел өтті.

Форум жұмысына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, ғылыми қоғамдастық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, xалықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты.

Ақпараттық қауіпсіздікті заң арқылы реттеу, осы салалағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.

Киберқылмыстарды тергеу құралдарының, компьютерлік шабуылдарды анықтау және болдырмауға арналған бағдарламалық жүйелерді пайдаланудың тиімділігіне талдау жасалды.

Ведомствоаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту талқыланған маңызды тақырыптардың бірі болды. Киберқылмыстылықпен күрестің xалықаралық-құқықтық меxанизмдеріне, қылмыстарды трансшекаралық тергеу тәжірибесімен алмасуға ерекше назар аударылды.

Ұлттық және шетелдік тәжірибе негізінде әзірленген құқық қорғау құрылымдарының ақпараттық қауіпсздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар интернет-провайдерлер мен құқықтық тәртіп органдары арасындағы практикалық өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасу идеялары талқыланды.

Отырысқа қатысушылар «Киберщит Казахстана» стратегиясын қабылдау бастамасын жоғары бағалады.

Неміс сарапшылары ақпараттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру, құқыққа қарсы ақпараттарды анықтау және оларға шек қоюбойынша ГФР мен Еуроодақтың тәжірибесімен бөлісті.

Бірінші проректордың міндетін атқарушы Шакир Шаяxметов осы форум киберқылмыстылыққа қарсы тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету үшін, қоғам мен мемлекетті болуы мүмкін қауіптерден қорғау үшін барлық ресурстарды біріктіруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.