Облыс прокурорлары Президенттік резерв курстарында өз тәжірибелерімен бөлісті

2017 жылдың 10 қарашасында Президенттік резерв курстарына сарапшылар ретінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының прокурорлары қатысып, тыңдаушылармен өздерінің жинаған кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Олар оқудың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етіп, тыңдаушылардың жаңа өзекті білім мен дағдыларды игеруіне атсалысты. Олардың берген ақпараты тыңдаушылар тарапынан оң бағаға ие болды.

Қызылорда облысының прокуроры Х.З. Дәуешов қадағалау қызметінде жүзеге асырылып жатқан өзекті жобаларды таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және криминогендік жағдайына әсер еткен қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып берді.

Қылмыстық процесстің және процестік прокурор институтының одан әрі дамуы туралы пікірімен Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Қ.А. Игембаев бөлісті. Ақтөбе облысының прокуроры М.Ж. Қайыбжанов Бас прокуратураның жобалары тізіміне енгізілген, бөтеннің мүлкін ұрлау профилактикасы бойынша қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған «Ұрлыққа тосқауыл қою» жобасын таныстырды.

Оқытуға облыс прокурорларының қатысуы Президенттік резерв тыңдаушылары практикалық кеңестер алып, күнделікті жұмыста туындайтын проблемалық мәселелерді талқылаған диалогтік алаңға айналды.