Интернет жүйесінде есірткі саудасымен күрес мәселелері жөніндегі халықаралық семинар

Астанада Жаһандық қауіптерге қарсы өңірлік хаб базасында интернет жүйесіндегі есірткі қылмыстарын тергеу проблемаларына арналған өңірлік семинар-тренинг ашылды. Оқу курсы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы өңірлік өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Тренинг жұмысына Италияның сарапшылары, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуда.

Бір апта бойында сарапшылар виртуалды кеңістіктегі есірткі қылмыстарымен күрес тәжірибесімен бөлісетін болады. Интернеттегі есірткі саудасы, есірткіні заңсыз таратуға қарсы іс-қимыл әдістері, мұндай қылмыстарды тергеу құралдары сияқты маңызды тақырыптар қозғалады.