Прокуратура қызметкерлеріне арналған курстар

Құқық қорғау органдарының академиясы Жамбыл облысы прокуратурасының қызметкерлері үшін «Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы қолдану мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.

Оқу бағдарламасына прокурор жұмысында қылмыстық заңды жүзеге асыру, қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысы саласындағы прокурордың қызметі, қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы тергеу әрекеттерінің өндірісі сияқты маңызды модульдер енгізілді.

Оқу сабақтарына Академия, облыстық және қалалық прокуратура, облыстық ІІД-нің қызметкерлері, сондай-ақ Сот сараптамасы институтының сарапшысы тартылды.