Прокурорлар қайта даярлаудан өтті

Құқық қорғау органдары академиясында прокурорлық қадағалаудың өзге салаларында қызмет етіп жүрген прокуратура қызметкерлері үшін қайта даярлау курстары аяқталды.

Оқыту арнайы қылмыстық процесте қадағалаудың негізгі дағдыларын үйретуді қамтитын бағдарлама арқылы жүргізілді. Негізгі екпін қадағалауды жүзеге асырудың практикалық негіздерін меңгеруге жасалған.

Сабақтарды қылмыстық-процестік құқық саласындағы танымал ғалымдар, сарапшылар мен практиктер өткізді. Курстар барысында «Оқиға орнын виртуалды тексеріп қарау» атты инновациялық компьютерлік бағдарлама таныстырылды. Оның арқасында тыңдаушылар оқиға орнын дұрыс тексеріп қараудың қосымша дағдыларын меңгерді.

Қыркүйек-қараша айларында қайта даярлаудан 256 прокурор өтті.

Сауалнама нәтижелері материалдың күнделікті жұмыс пен кәсіби білімді толықтыру үшін қаншалықты пайдалы екенін көрсетті. Егер кіріс тестілеуінің орташа балы 64,3 балл болса, шығыс кезінде бұл көрсеткіш едәуір жақсарып, 90 балды кұрды.