Кәсіби мереке құрметіне

Бүгін прокуратура қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні Құқық қорғау органдары академиясында осы оқиғаға арналған салтанатты жиын өтті.
Академия басшысы әріптестерін құттықтап, алдарында тұрған мінддеттерді орындауда сәттілік тіледі.

Наиль Ахметзакиров мемлекеттілікті нығайтуда прокуратураның рөлі мен орнын, қадағалау және құқық қорғау қызметінің жоғары әлеуметтік құндылығын атап өтті.

Бұл іске Құқық қорғау органдарының академиясы құқықтық тәртіп органдарының жоғары білікті құрамын даярлау бойынша маңызды миссияны орындай отырып, өз үлесін қосуда.

Академия басшысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сонымен қатар Бас Прокурордың қойған міндеттерін сәтті іске асыру ең басты мәселеге – институционалды реформаларды жүзеге асыруда қолдау және көмек көрсетуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамсыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Салтанатты іс-шара Академия қызметкерлері мен тыңдаушылары әзірлеген мерекелік концертпен аяқталды.