Прокуратура қызметкерлеріне арналған қайта даярлау курстары

Бүгін Маңғыстау облысының прокуратурасында «Прокурордың қылмыстық процеске қатысуының құқықтық және практикалық мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары ашылды.

Курстарды Маңғыстау облысындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілі облыс прокуратурасының Аппаратымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Курстар прокурорларға жаңа маңызды өкілеттіктер беретін заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Қайта даярлаудан осы уақытқа дейін прокурорлық қызметтің өзге салаларында қызмет еткен және қылмыстық процесте тәжірибесі жеткіліксіз қызметкерлер өтеді.

Курстың мақсаты – сотта мемлекет мүддеcін білдіру және қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықтарды қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша тыңдаушыларға базалық кәсіби білім мен дағдылар беру.

Оқу бағдарламасына «Прокурор жұмысындағы қылмыстық заңның орындалуы», «Қылмыстық процесстің сотқа дейінгі сатысындағы саладағы прокурордың қызметі», «Сотта мемлекеттік айыптауды қолдау» сияқты маңызды модульдер енгізілген.

Оқуды өткізуге ғылыми қауымдастықтың, жоғары оқу орындарының өкілдері мен прокуратураның тәжірибелі қызметкерлері тартылды.