Құқық қорғау органдарының академиясы Еуропалық кеңестің «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» атты жобасымен бірлесе отырып «Күдікті мен айыпталушы: олардың құқықтары нақты қорғалған ба?» тақырыбында Криминологиялық форумның кезекті отырысын өткізді.
Кездесу Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті.
Отырыс қылмыстық қудалауға ұшыраған азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Күн тәртібіндегі өзекті сұрақтарды талқылауға Парламент депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, ғылыми және адвокаттық қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты.
Сөз сөйлегендер атап өткендей, Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді механизмін жасау бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Заңнамалық және практикалық жаңашылдықтар қылмыстық-құқықтық саладағы заңдылықты нығайтуға, азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Жақын арада Мемлекет басшысы адам құқықтарын нығайту, тараптардың сайыскерлігін арттыру және тергеу процедурасын жеңілдету тұрғысынан қылмыстық процесті одан әрі жаңғыртуға бағытталған Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.
Сонымен қатар күдікті мен айыпталушының құқықтарын тиімді қорғау мәселелері қылмыстық процестің өзекті проблемаларының бірі болып қала бермек. Нақ осында негізгі құқықтар мен бостандықтар қозғалады және оларға қысым жасалады. Әрекеттегі заңнамалық механизмдерге қарамастан, практикада заң талаптары әр уақытта сақтала бермейді.
Дискуссияның нәтижесі бойынша Құқық қорғау органдарының академиясы барлық мүдделі тараптардың пікірін ескере отырып, заңдылықты нығайтуға, күдіктілер мен айыпталушылардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық және практикалық бастамалар кешенінен тұратын ұсыныстарды әзірледі.