Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Құқық қорғау органдары академиясында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Әріптестерін еліміздің басты мерекесімен құттықтай отырып, Академия басшысы Наиль Ахметзакиров егемендік алудың маңызын, егеменді мемлекеттің қалыптасуының негізгі кезеңдерін, мемлекеттілікті нығайтудағы оқу орнының рөлін атап өтті.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жаңа тарихына жарқын әрі прогрессивті өзгерістер уақыты болып енеді. Бүгінгі Қазақстан – қоғам өмірінің түрлі салаларында көлемді реформаларды жүзеге сәтті асырып жатқан заманауи әрі бәсекеге қабілетті мемлекет. Прогрессивті түрлендірулер республиканың халықаралық құқықтық кеңістікке сенімді енуі үшін берік іргетас қалыптастырды.

Бүгінгі күннің басты міндеті – қол жеткізген жетістіктерді барынша нығайту, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында мемлекеттің ілгері дамуын қамтамасыз ету.

Тәуелсіздік күніне орай және мінсіз қызмет пен өз міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірқатар қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталды.

Сондай-ақ қалыптасқан дәстүр бойынша мерекеге магистранттар мен докторанттар қатарына қабылдау салтанаты орайластырылды. Академияның магистранттар мен докторанттар кеңесінің төрағасы Ануар Боранбаев жас әріптестеріне кәсіби қалыптасу кезеңінен сәтті өтуді, артылған сенімді лайықты ақтауды тіледі.