БАҚ үшін ақпарат

Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Шакир Шаяхметовке Бас Прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқару жүктелді.

Шакир Шаяхметов заң ғылымдарының кандидаты, доцент. Кембридж университетінің түлегі. Құқық қорғау органдарындағы тәжірибесі – 24 жыл, олардың 18-і ғылыми-педагогикалық қызметте. Осыған дейін Академияның бірінші проректорының міндетін атқарып келді.

Академияның бұрынғы басшысы Наиль Ахметзакиров Президент Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.