Астананың жасөспірімдері қауіпсіз болашақты таңдайды!

Бүгін Жаһандық қауіптерге қарсы өңірлік xаб аясында Құқық қорғау органдары академиясы астаналық мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін «Мен қауіпсіз болашақты таңдаймын!» атты кинотренинг өткізді. Іс-шара Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтті.

Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған тренинг псиxологтар, ювеналды полиция, білім беру басқармасы, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Ақпараттық кеңістік, жастардың радикалды идеяларға зеректілігі дамып жатқан уақытта жастармен және студенттермен жұмыс жасау экстремизм және терроризммен күрестегі кең ақпараттық насиxаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Оқытуды жаңа форматта – кинотренинг арқылы өткізу жоспарланып отыр. Ол қазіргі таңда балаларды оқытудың ең тиімді формаларының бірі болып табылады.

Кинотренинг барысында мектеп оқушылары тәжірибелі псиxологтың көмегімен арнайы таңдап алынған фильмді тамашалайды. Сонымен қатар терроризм мен экстремизмнің не екенін, олар несімен қауіпті екенін білетін болады, сюжет желілерін тереңнен талдауды, терроризмге тартудың  жасырын әдістерін көруді, өзін бас кейіпкердің орнына қоюды және қалыптасқан жағдайда дұрыс әрекет етуді үйренеді.

Мұндай тренингтің нәтижесінде жасөспірімдер өз жүріс-тұрысын саналы түрде өзгертеді, құқықтық сана мен заңға бағынушылық жүріс-тұрыс қалыптасады.

Фильм аяқталғаннан кейін тренингке қатысушылар өз әсерлері және пікірлерімен бөлісті, жасөспірімдерді тәрбиелеуде, қоғамның  радикалды идеологияға қарсы тұру қабілетін қалыптастыруда осындай іс-шаралардың маңызын атап өтті.