Кәсбіи білімді жетілдіру

Академияда «Прокурордың қылмыстық процеске қатысуының құқықтық және практикалық мәселелері» тақырыбында прокуратура қызметкерлерін кәсіби қайта даярлаудың кезекті курстары ашылды.

Курстар прокурорларға жаңа маңызды өкілеттіктер беретін конституционалдық және өзге де заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Оқу процесінде тыңдаушылар құқықтық қызметтің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелерін қарастыратын болады.

Курстың негізгі мақсаты – прокуратура қызметкерлерінде қадағалауды жүзеге асыру және қылмыстық сот ісін жүргізуде мемлекет мүддесін білдіруге қажетті тереңдетілген кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру.

Күтілетін нәтижесі – қадағалауды жүзеге асыру және қылмыстық сот ісін жүргізуде мемлекет мүддесін білдіру мәселелері бойынша тыңдаушылардың кәсіби деңгейін арттыру. Олар жұмыстың жаңа саласында сәтті бейімделуге және функционалды міндеттерді сапалы жүзеге асыруға өз септігін тигізетін болады.

Оқыту үш маңызды оқу модулінен тұрады – «Қылмыстық істің сотқа дейінгі сатысы саласында прокурордың қызметі», «Сотта мемлекеттік айыптауды қолдау», «Қылмыстық процесті цифрлендіру және ІТ технологияларды пайдалану».

Нақты кейстік тапсырмаларды мысалға ала отырып, дәріскерлер – ғылыми қоғамдастықтың өкілдері мен прокуратура органдарының тәжірибелі қызметкерлері тыңдаушыларға практикалық қызметтің негізгі аспектілерін жеткізетін болады.